«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 4 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз солтүстікте, шығыста бұршақ түседі. Республика бойынша жел күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-шығысында, Түркістан облысының тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары деңгейде өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.