Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер 2...

Синоптиктер 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады

“Қазгидромет” РМК синоптиктері 2 маусым, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді.

Осыған байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, күндіз шығыста қатты жауын болады.

Тек еліміздің оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте, оңтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Түркістан облысының орталығы мен солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.