Доллар 442-447 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442-447 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,7-445,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 442-447 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 20 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 443, 44 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83–4,91теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,82-4,92 теңгеден сатылып жатыр.