«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 18, 19 және 20 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Оңтүстік циклон әсерінен барлық аумақта найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
Жаңбыр, күндіз ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда — 15-23 градусқа дейін, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар 15-23 градус цельсийге дейін шамалы көтеріледі, — делінген хабарламада.