Доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,9-444,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 441-446 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 17 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 441,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,86 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75–4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,81-4,89 теңгеден сатылып жатыр.