Басты бетЖаңалықтарМәжіліс депутаты...

Мәжіліс депутаты жастарға 5%-пен пәтер беруді ұсынды

Тұрақты баспанасы жоқ жастарға 5%-пен пәтер беру керек. Мәжілісте депутат Дәулет Мұқаев осындай ұсыныс айтты. 

Бұл туралы “Астана” телеарнасы  хабарлады. 

Сонымен қатар 10%-тік бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін көтерді.

2019 жылдан бері инфляция деңгейі шарықтап, үй бағасы жылдан жылға өсіп жатыр. Осыдан бес жыл бұрын республика бойынша пәтердің орташа шаршы метрі 200 мың болса, қазір 400 мың теңгеге жуықтады. Демек, екі есе өскен. Ал жалдамалы пәтерде күнелтіп жүргендер мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған.

Осы олқылықты шешу үшін тіпті жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керектігі жайында да сөз қозғалды. Бұдан бөлек депутат жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекет міндеттерінің басым бағыттарының бірі екенін айтты.