14 мамырда республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек Алматыда ауа сапасы біршама нашарлап, метеорологиялық жағдай жайсыз болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.