Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің оңтүстік аймақтарында найзағай жарқырап, тек солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, күндіз солтүстіктің басым бөлігінде және оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м\с, күндіз 15-22 м/с жел соғады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылордада, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Павлодар,Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел тұрады деп болжануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *