Доллар мен рубльдің 2 мамырға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441–446 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 2 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 442,05 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,74 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441-446 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 442,9–444,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,67-4,79 аралығында саудаланып жатыр.