Ақша айырбастау орындарында доллар арзандап, теңге нығайды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 440-445 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,7-443,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 440-445 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 30 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 441,44 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,75 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,72-4,75 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,67-4,77 теңгеден сатылып жатыр.