Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442–447 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 29 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 443,35 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442-447 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 443,7-445 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,72-4,85 аралығында саудаланып жатыр.