Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-449 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,1-445,9 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 444-449 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 26 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 444,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,73-4,83 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,72-4,82 теңгеден сатылып жатыр.