Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-449 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 25 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 443,85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,80 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444-449 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 444,9-446,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,69-4,79 аралығында саудаланып жатыр.