Төрт облыстағы 8 автожолда көлік қозғалысы шектелді

Еліміздің төрт облысында (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар сегіз автомобиль жолында көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Сағат 09.00-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан екі облыста (СҚО, Қостанай) төрт автожолда жалпы ұзындығы 4 300 метр болатын су тасқыны болды.

Төрт облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар сегіз автомобиль жолдарында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған.