Төрт облыста автожолдың қозғалысы шектелді

Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО  облыстарында республикалық маңызы бар сегіз автомобиль жолы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Компанияның мәліметінше, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан СҚО мен Қостанай облыстарында төрт автожолда жалпы ұзындығы 4 300 метр болатын су тасқыны болған.

Салдарынан төрт облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар сегіз автомобиль жоында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 306 бірлік техника мен 411 адам жұмылдырылған.