Басты бет / Жаңалықтар /
күз, жаңбыр, ауа райы, пешеход, жаяу жүргінші жолағы, бағдаршам
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жаңбырлы болады.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жауыы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram