Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446–450 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,81–450,42 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 446–450,98 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 17 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,77 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,73–4,82 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,67-4,69 теңгеден сатылып жатыр.