Басты бет / Жаңалықтар /
жаңбыр, ауа райы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясында жаңбырлы және желді ауа райын сақтайтын болады.

Осы күні еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook