Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447–452 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,–450,1 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 447–452 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 15 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 447,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,79 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75–4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,7-4,83 теңгеден сатылып жатыр.