Алматыда қар көшкіні жүру қаупі 17 сәуірге дейін сақталады

Алғашқы қар көшікіні Шымбұлақ — Тұйықсу қақпасы тасжолының маңында сағат 08:30 шамасында жүрді. Көлемі — 25 мың куб метр. Салдарынан бес жарық бағанасы бүлінді. Қазіргі уақытта жақын маңдағы кафеде жарық жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Екінші қар көшкіні сағат 09:30 шамасында «Шымбұлақтан» жоғары орналасқан «Мыңжылқы» бөгеті маңында жүрді. Көлемі — 2500 куб метр.  Қазіргі кезде жолды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмысқа алты адам және екі техника жұмылдырылды. Медеуден жоғары қарай және Үлкен Алматы көліне қарай баратын жол жабық. Онда 1 метр 90 сантиметр биіктікте қар жатыр.

Алматыда қар көшкіні жүру қаупі 17 сәуірге дейін сақталады. Тауға шығуға тыйым салынды. 

ДереккөзTengrinews.kz