Атырау облысында төрт ұңғыма су астында қалғаны анықталды.
ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, үш ұңғыманы Қызылқоға, ал, біреуі Мақат ауданында орналасқан.
«Атырау облысындағы «Қайнармұнайгаз» басқармасының «Шығыс Уаз» кен орнында 3 ұңғыма бар. Бұл – №101, №106, №116 ұңғымалар. Қазір ұңғымаларды қорғау бөгетінің жанына төселген құм салынған қаптардың үстіне топырақ төгіліп жатыр. Суды Сағыз өзеніне НБ-50 сорғымен айдау жұмыстары жүргізілге 4 адам мен 2 арнайы техника тартылды, — деп хабарлады.
Ал «5А Ойл» ЖШС-нің «Жаңа Мақат» кен орнындағы №Е7 ұңғымасына топырақ төгу және қалпына келтіру жұмысы аяқталған.
Аталған ұңғымалар қорғау үшін төгілген топырақ уақытында тығыздалды. Атырау облысының өзге кен орындарындағы жағдай тұрақты бақылауға алынып отыр, — делінген хабарламада.