Алматыда өртеніп жатқан жеке үйден екі газ баллоны шығарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
ТЖМ мәліметінше, түнде Түрксіб ауданында орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шықты. Отқа оранған үйден екі газ баллоны сыртқа шығарылды. Осылайша жарылыстың алды алынды.
Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.