Алматы облысы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Тауларда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыс тауларында 11-15 сәуір күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

Құтқарушылар азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырды.

Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, — делінген хабарламада.