Алматы облысында пластикалық терезе шығаратын цех өртенді

Алматы облысы Талғар ауданында пластик терезелер шығаратын цех өртенді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, бүгін Талғар ауданында пластикалық терезелер шығаратын цех өртенді. Өрт 78 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, — деп хабарлады департаменттен.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан жеті адам және екі техника жұмылдырылды.