«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 11 сәуірде ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалынан еліміздің аумағында күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жауын жауып, солтүстікте, шығыста, орталықта қар, жаңбыр, шығыста нөсер жаңбыр, қар жауады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болып, оңтүстік, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.