Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446–451теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5–448,9 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 446–451 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 11 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 447,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,80 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,78–4,81 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,7-4,83 теңгеден сатылып жатыр.