Алматының Алатау ауданында 50-ден астам қоғамдық кеңістік құрылды

2023 жылы Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50-ден астам қоғамдық кеңістік құрылды. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Қоғамдық кеңістіктерге мыналар кіреді: ұзындығы 1,5 км Аханов көшесіндегі үш шағын ауданды байланыстыратын жаяу жүргіншілер аймағы: Алатау Сити, Ақбұлақ, Дарабоз ш/а, «Сирень бағы» тақырыптық алаңы, Зерделі шағын ауданындағы алаң, аумағы 35 болатын Қарасу ш/а сквер, ол жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша құрылған.

2024 жылы 2,5 млрд теңге сомасына «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының 45 жобасы іске асырылатын болады, Қарасу ш/а-да сквер құрылысы жалғасады. «Қарағайлы бор» скверін кеңейту, сондай-ақ Чуланов, Өтемісов және Доспанова көшелерінде қоғамдық кеңістіктер құрылады.

Сонымен қатар биыл мамырда Боралдай өзені бойындағы Өжет шағын аудандағы тоған айналасындағы ірі рекреациялық аймақтардың құрылысы аяқталады. Айта кетерлігі, рекреациялық аймақ – бұл халықтың демалыс орындарын ұйымдастыруға арналған қаладағы арнайы бөлінген аумақ