Басты бетЖаңалықтарДоллар 446–451...

Доллар 446–451 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446–451 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 10 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 446,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,81 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446–451 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 446,1-448,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75–4,87 аралығында саудаланып жатыр.