Басты бетЖаңалықтарПрезидент халыққа...

Президент халыққа көмектесу үшін үкіметке мемлекеттік резервті пайдалануды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 сәуірде су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде зардап шеккен халыққа көмектесу үшін үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырғанын айтты.

Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз үндеуінде президент су тасқыны табиғи апат екенін, мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмағанын, бұл көлемі жағынан кейінгі 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болатынын жеткізді.