Доллар мен рубльдің 4 сәуірге арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446–450 теңгеден саудаланып жатыр. 1 АҚШ долларының орташа бағамы – 446,91 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 446,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 447,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 448,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445 теңге, сатып алу құны – 450 теңге.

Ресей рублі 4,75–4,9 теңге аралығында саудаланып жатыр.