Басты бет / Жаңалықтар /
күз, жаңбыр, ауа райы, пешеход, жаяу жүргінші жолағы, тұман
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінің күн райын орталығы Ақтөбеде орналасқан кең алқапты циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайтын болады.

Осыған байланысты Қазақстан бойынша күн құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын жауып, солтүстік облыстарда қатты нөсерлетеді, елдің оңтүстік-шығысында да жаңбыр болжанады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстікте бұршақ жауып, солтүстік батыста жаяу бұрқасын соғады. Батыста, солтүстік батыста, солтүстікте көктайғақ болуы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook