Синоптиктер төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Алматы мен тағы үш қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті.

2024 жылғы 20 наурызда Атырау, Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.