Атырауда ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды

Атырауда ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев және құрылтай мүшелері қатысып отыр.

Қазір құрылтай мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, өз ойларымен бөлісіп жатыр.

Бұған дейін құрылтайдың алғашқы жиыны ұлт ұясы — Ұлытауда өтті. Былтыр түркі әлемінің алтын бесігі Түркістанда жалғасқан еді.

Айта кетейік, мемлекет басшысының төрағалығымен ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурыз күні Атырау қаласында өтетіні хабарланған болатын.