Астанадағы Головкин-Сондерс жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Бұл туралы Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Берік Маржықбаев хабарлады.

«Жерлесіміз Геннадий Головкин 17 шілде күні Астанада британиялық боксшы Сондерспен жұдырықтасады. Бұл кездесу «Астана Арена» кешенінде өтеді. Алдын ала келісімшарт дайын. Алдағы 1-2 аптаның ішінде барлығы ресми түрде жарияланады», -дейді Б.Маржықбаев.

 

Еске сала кетейік, соңғы рет Геннади Головкин 18 наурызда (Астана уақыты бойынша 19 наурызда) Нью-Йоркте Головкин мен америкалық Джейкобстың арасында 12 раундтық жекпе-жек өтті. Төрешілер шешімімен отандасымыз жеңіске жетті. Айта кетсек, қазақстандық боксшы карьерасында алғаш рет 12 раундтық жекпе-жек өткізді.

ДереккөзBaq.kz