Сарапшылар: Доллар құлдырауы мүмкін

«Альпари» компаниясының сарапшысы Анна Бодрова Инвесторлардың Ресей мен ОПЕК арасындағы мұнай өндірісін азайту туралы келіссөздердің болмай қалғанына алаңдаушылық білдіріп отырғанын айтты.

Қазір мұнай бағасы ОПЕК-тің мұнай өндірісін азайту туралы келісімінен алдынғы деңгейде тұр. Бұл түсінікті дейді Forex Club-тың сарапшысы Ирина Рогова.

«трейдерлерге АҚШ-тағы мұнай қоры мен өндірісінің көлемі қысым жасап отыр. Бірақ әзірге, оның көлемі ОПЕК қысқартқан өндіріс көлемінен аз. Қазіргі төмен баға уақытша деп ойлаймын. Өндіріс көлемін азайту туралы келісімге қол жеткізсе, мамырға таман Brent мұнайы барреліне 55 долларға дейін көтерілуі мүмкін», — деп болжады ол.

Рогованың әріптесі, сарапшы Валерий Полховский доллар ең төменгі деңгейге жетеді деп күтетінін айтты.

«Теңге біраз уақытқа өзін сенімсіз сезінуі мүмкін. Бірақ долларға шаққандағы ең жоғары көрсеткішін жаңартады депй ойлаймын. Ал оның ресейлік рубльге қатысты позициясы өзгеріссіз қалады», — деді ол.

Дереккөз7kun.kz