Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448–453 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5–451,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 448,5–453,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 14 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 449,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,85–4,92 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,78-4,93 теңгеден сатылып жатыр.
