Еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

Еліміздің бірқатар аймағында бүгін, 16 ақпанда оқушылар мектепке бармайды. Бұл туралы Астананың білім басқармасы хабарлады.

Астанада, Семейде, Қарағанды және Ақтөбе қаласының оқушылары аязға байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымда оқитын 0-11-класс оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Осындай бұйрыққа Семейдің білім ведомствосы да қол қойды. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында да екі ауысымда да оқу қашықтан оқытуға ауыстырылды.