Үш облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” хабарлады. 

2 ақпан сағат 11.00-дегі ахуал бойынша:

Жамбыл облысында – екі учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

«Алматы-Ташкент-Термез» 159-476 км, Кенен ауылынан Ақшолақ ауылына дейін – 317 км. Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында – бір учаске:

«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма стансасынан Достық станциясына дейін – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Түркістан облысында – бір учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Жамбыл облысының шекарасынан Машат елді мекеніне дейін – 59 км.Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 893 бірлік арнайы техника және 1 145 жолшы жұмылдырылды.