Жетісу облысында жол апатынан 3 адам қаза болды

Жетісу облысы Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза болды.

Бұл туралы Рolisia.kz хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.