Былтыр Қазақстанда 16 мыңнан астам рейс кешіккен

2023 жылы Қазақстанда рейстердің төрттен бір бөлігі кешіккен. Бұл туралы азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Былтыр 71 895 рейс орындалған, оның ішінде 16 666 рейс кешіккен. Рейстердің уақытылы орындалу 77% болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жақсарған. 2022 жылы бұл көрсеткіш 74% болды.

Комитеттің мәліметінше, былтырғы жылмен салыстырғанда рейстердің кешігу ұзақтығы қысқарған.

Кешігудің негізгі себептері – әуе кемесінің кешігіп келуі, адами фактор, қолайсыз метеожағдайлар, техникалық себептер және тағы басқа. Сонымен қатар Қазақстан премьер-министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жұмыс тобы аясында әуе көлігіндегі күрделі метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған құрылымдардың (әуежай, әуе компаниялар, метеорологиялық қызмет) іс-қимыл алгоритмін қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.