Доллар мен рубльдің 11 қаңтарға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453–457 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,9–456,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 453–457 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 11 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 453,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,95–5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95-5,1 теңгеден сатылып жатыр.