Ұлттық банк жаңа 5 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарды

«Сақ стилі» сериясына енген номиналы 5 000 теңгелік банкнот айналымға шықты. Бұл туралы ұлттық банк хабарлады.

Ұлттық банк 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайнда 2023 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкноттарды айналымға шығарады. Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкноты. Ол дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген, — делінген хабарламада. 

3b514152fe8d4df2c61d74b507b828d3 Ұлттық банк жаңа 5 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарды
Фото: Ұлттық банк

Ақша белгісінің дизайны мен формасы қандай?

Түсі — қызыл-қызғылт сары. Банкноттың бет жағында:

  • көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
  • ДНҚ спиралы және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
  • жәдігер-бүркіт фигурасы түріндегі безендіру (Қорған Талды II, б.д. д. 7-6 ғғ.; бүркіт шексіз еркіндіктің, күш пен ептіліктің символы ретінде).

Банкноттың сырт жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан фонындағы бүркіт бейнеленген. Негізгі бейненің артында дөңгелек қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді:

  • «Қалқан» — құндылықтарды қорғау;
  • ежелгі символ — әлемнің төрт құбыласы;
  • ортасындағы күн белгісі — өмірдің символы.

Сонымен қатар банкноттың сырт жағында қанаты жайылған жәдігер-бүркіттің бейнесі орналасқан (Берел қорғандары «Патшалар Алқабы», б.д. д. 8-7 ғғ., ШҚО, безендіру элементі, еркіндік пен үйлесімділіктің символы). Банкноттың ортасында Шарын каньонының ландшафты көрінісі орналасқан «шексіздік» қазақтың ою-өрнегінің фон-контуры бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да