Басты бет / Жаңалықтар /
9b49ce2363a20d2c6d3a5778b7bc97b3 Елімізде жаңа жыл қарсаңында 191 сәби дүниеге келді

Елімізде жаңа жыл қарсаңында 191 сәби дүниеге келді

Жаңа жыл қарсаңында республика перзентханаларында 191 сәби дүниеге келді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа жыл түні елімізде 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді.

Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді – 38 бала, екінші орында — Шымкентте 23 бала дүниеге келді және Алматыда 22 бала туды.

Ал Астанада жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram