Тұман, көктайғақ, жел: 22 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Республикамыздың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Екпінді жел соғып, солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады. Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында өте қатты жел тұрып, кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да