Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді

Алматы туларындағы №18 қар көшкінін жинау учаскесінде алдын алу жұмысы жүргізілді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, таудағы №18 қар көшкінін жинау учаскесінде (Алматы-Космостанция) көшкінің алдын алу үшін 2 600-2 800 метр биікте жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 4 000 куб метр қар массасы түсірілді.

Қар массасын түсіруге Алматы қалалық ТЖД, «Қазселденқорғау», Апаттар медицинасы орталығы, мердігерлер мен «Қазгидромет» мамандары қатысты. Алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында ешкім зардап шеккен жоқ, — делінген хабарламада.