Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

19 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 19 желтоқсан, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Өскемен, Риддер қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да