Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 7 желтоқсан күні Қазақстанда қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, бейсенбіде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.