Алматыда өртке оранған хостелден эвакуацияланған адамдардың басым бөлігі шетел азаматтары. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев айтты.
Нұрлан Атығаевтың айтуынша, эвакуацияланған адамдардың көбі шетелдіктер.
Хостел әкімшілігінің айтуынша, өз бетімен сыртқа шыққан адамдардың дені Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан елдерінің азаматтары. Араларында Қазақстан азаматтары да бар. Қаза болғандардың кім екені анықталып жатыр, — деді ол.
Сонымен қатар департамент басшысы өртке оранған хостелдің ашылғанына бір жарым ай болғанын мәлімдеді.
Үш қабатты ғимараттың жертөлесінен хостел ашқан. Бұл заңға қайшы. Себебі жертөле адам тұруға арналмаған. Қанша жерден жабдықталса да, — деді Нұрлан Атығаев.
Айта кетейік, Астанадан ҚР төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ұшып шықты.
Еске салайық, бүгін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза болды.