Хостелдегі өрт: 56 адам жақын маңдағы мектепке орналастырылды

Алматыда өртке оранған хостелден 59 адам эвакуацияланып, 56-сы уақытша жақын маңдағы мектепке орналастырылды.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажет медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза болды.