Басты бет / Жаңалықтар /
ауа райы, күз, алматы, коронавирус, серуен, сәби
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/ Baribar.kz

Астана күнінде елімізде 448 сәби дүниеге келді: қай өңір көш бастап тұр?

Астана күні – 6 шілдеде Қазақстанда 448 сәби дүниеге келді. Олардың 223-і – ұл, 225-і – қыз бала. Ал Астанада мереке күні екі егіз дүниеге келген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ең көп нәресте Түркістан облысында туған. Өңірде бір тәулік ішінде 67 сәби өмірге келген.

Сонымен қатар Алматыда 44 нәресте дүниеге келсе, Шымкент қаласы мен Алматы облысының әрқайсысында 40 сәбиден туған.

Еліміздегі барлық босандыру ұйымында медицина қызметкерлері тәулік бойы жүкті әйелдерге қауіпсіз медициналық көмек көрсетіп, босандыру процесін жүргізіп, ана мен балаға қажет медициналық қызметті үздіксіз қамтамасыз етіп келеді, — делінген хабарламада.

Ведомство жаңа туған сәбилердің ата-аналарын қуанышты оқиғамен құттықтап, нәрестелерге амандық, мықты денсаулық, ал отбасыларына бақ-береке мен шаттық тіледі.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook